Accessibility links

Иранның орнынан кетіп бара жатқан президенті Мохаммед Хатами кеше жаңа сайланған президент Махмұд Ахмадинежадты қабылдап, одан реформаларды жалғастыруды сұрады


Кездесуден кейін ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде ол жаңа үкімет ескілік біткен жердегі жаңа алаңда жалғыз бастамайды деп үміттенетіндігін айтқан. Хатами екі мерзім президенттігінде әлеуметтік мәселелер бойынша либерал ретінде танылған. Ахмадинежад болса ультраконсерватор ретінде сипатталады. Ол Хатами мұрасын былайша бағалады:

- Мені президент Хатами мен оның тобының тәжірибесі қызықтырады. Шындығында, Хатами сайланған кезде халық оған сенім артты. Ол енді бұл сенімді сайлау арқылы келген келесі президентке береді.

Ахмадинежадтың сайлауда Акбар Хашеми Рафсанжаниден басымдылықпен жеңіске жеткенін кеше Иранның Конституциялық соты мен Қамқорлық кеңесі мақұлдады. Жаңа президент әзірге үкімет кабинетін жасақтаған жоқ.
XS
SM
MD
LG