Accessibility links

Еуропа Комиссиясы Қытай тарапына сын айтты


Еуропа Комиссиясының президенті Хосе Мануель Барозу Қытай адам құқықтарының жағдайын жөндесін, екеуара қатынас сонда кеңейеді деді. Барозу, сол сияқты, Қытай экономикасы нарық экономикасының мәртебесіне әлі жеткен жоқ, Қытай компанияларына қойылған шектеулерді алып тастайтын кезең келген жоқ, Қытай сауда және инвестиция тәртібіне қатысты кейбір кепілдемелерді әлі бермей отыр деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Пекинде Қытай президенті Ху Дзинтаомен өтуге тиіс келіссөздердің алдында жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG