Accessibility links

Пекинде алтыжақты келіссөздер жүріп жатыр


Пекин қаласында бүгін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жайында алтыжақты келіссөздер жалғаса түспек. Қытай үкіметі кеше АҚШ, Ресей, Жапония және екі Корей мемлекетінің өкілдеріне біріккен мәлімдеме жобасын ұсынды. АҚШ елшісі Кристофер Хилл жобаны кеңірек келіссөздерге жол ашатын жақсы құжат деп қабылдады. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтату шарттары жайында осы ел мен Америка Құрама Штаттарының арасында екі түрлі көзқарас қалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG