Accessibility links

“Журналистерді қорғайтын халықаралық комитет” Мәскеуден шетелдік баспасөзге қысым көрсетуін доғаруға шақырады


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін «Журналистерді қорғайтын халықаралық комитет» Ресейді Чешенстандағы оқиғалардан хабар беріп тұрған шетелдік баспасөз құралдарына қысым көрсетуін тоқтатуға шақырды. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың атына жолданған осы хатта журналистерге виза берілмеген немесе оларды ресми түрде тіркемеген жайттар тізіп келтіріледі. Мұндай хатты жолдауға министрліктің аты-шулы чешен қолбасшысы Шәміл Басаевпен сұхбатты көрсеткен Эй-Би-Си телеарнасына берген рұқсатын ұзартудан бас тартуы түрткі болды. Хатта ашық қоғамда мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды делінген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG