Accessibility links

Индонезияда ұшақ апатынан 149 адам құрбан болды


ДЖАКАРТА. Индонезияның үлкен қалаларының бірі Меданда орын алған ұшақ апатынан бортында болған 102 жолаушы және ұшақ құлаған аумақтың 47 тұрғыны қаза тапты. Ресми өкілдердің айтуынша, “Мандала” әуе компаниясы ұшағының артқы жағында отырған 15 жолаушы аман қалған, олардың арасында 2-жасар бала да бар. Джакартаға аттанған бұл ұшақтың ішінде 112 жолаушы мен ұшақ командасының 5 мүшесі болған. Қазір бұл апаттың себептері тергелуде.
XS
SM
MD
LG