Accessibility links

Қырғызстанның әр депутатына бір тапанша ұстатылады


Қырғызстан парламенті заң шығарып, қауіпсіздікті арттыру үшін әр депутатқа енді қару берілсін деп ұйғарды. Парламент төрағасы Өмірбек Текебаев бейсенбі күнгі мәлімдемесінде қастандыққа көзделген депутаттардың қара тізімі бар екенін білемін деген, бұдан соң ел парламенті мұндай заңды осы түнде шұғыл түрде қабылдады. Сәрсенбі күні атып өлтірілген депутат Байаман Еркінбаевтың жағдайы жоғары деңгейдегі коррупция мәселесін, заң орындары ұйымдастырылған қылмыс алдында пәрменсіздік танытып отырғанын тағы ортаға салды. Президент Құрманбек Бақиев полицияға пара төлейтін депутаттар парламентте де отыр деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG