Accessibility links

Мысыр полициясы курортты қала Шарм аш-Шейхта өткен шілде айында болған терактты ұйымдастырған деген күдікпен оның ұйымдастырушысы Мұса Бадранды атып өлтірді


Полиция мәліметіне қарағанда, Мұса Мұхаммед Салем Бадран жанкешті шабуылшыларды тартумен айналысып келген. Шарм аш Шейхте болған жарылыстарда 64 адам қаза тапқан болатын. Ал ол жарылыстарды ұйымдастырған деген күдікпен осы кезге дейін кемінде 100 адам тұтқындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG