Accessibility links

АҚШ тәжік оппозициясының жетекшісі Махмұдрузи Искандеровтың түрмеге отырғызылғанына алаңдаушылық білдірді


Душанбе. Сәрсенбі күні Тәжікстанның Жоғарғы соты Демократиялық партияның жетекшісін лаңкестікке және ұрлық пен талан-таражға қатысы бар деген айыппен 23 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Душанбедегі АҚШ елшілігі Искандеровтің ұзақ мерзімге түрмеге жабылуына алаңдаушылық танытқан мәлімдеме таратты. Осыдан бір күн бұрын Тәжікстанның демократиялық партиясы жетекшісінің орынбасары Рахматулла Валиев Искандеровтың түрмеге жабылуында саяси астар бар деп, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың келесі аптада Тәжікстанда болатын сапарында осы мәселеге баса назар аударуын сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG