Accessibility links

Ирақта бүгін референдум өткізіліп жатыр


Ирақта бүгін ел конституциясының жобасы бойынша ұлттық референдум өткізіліп жатыр. Жобаны мақұлдауға сайлаушырдың қарапайым көпшілігі – яғни сайлауышылардың елу пайызы плюс бір сайлаушы дауыс берсе жеткілікті. Бірақ кемінде үш провинцияда сайлаушылардың үштен екісі қарсы дауыс берсе – жоба қабылданбайды. Бағдад, Фаллуджа және Байжи қалаларында Ирақ ислам партиясының кеңселеріне шабуыл жасалды, ешкім жарақат алған жоқ. Бейсенбіден бастап төрт күндік қоғамдық демалыс жарияланды. Ирақ шекаралары жабылды. Бағдадта жеке машиналардың жүруіне тиім салынды.
XS
SM
MD
LG