Accessibility links

Дағыстан астанасында бір үйді паналаған 3 қарулы жасақтың екеуі оққа ұшты


МАХАЧҚАЛА. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, Дағыстан астанасындағы 3 қарулы жасақ бас сауғалаған үйді қоршап тұрған милиция күштері бүгін таң сәріде шабуыл жасап, екеуінің көзін жойды. Милиция қызметкерлері әлгі үйдің іші мен оның маңайынан үшінші жасақты іздестіріп тінту үстінде. Жалпы Чешенстанмен көрші орналасқан Дағыстанды соңғы кезде бірнеше дүркін бомбалық шабуыл мен атыс дүр сілкіндірді. Ондай шабуылдардың көбі республиканың ресми өкілдері мен милиция қызметкерлерін нысана етті.
XS
SM
MD
LG