Accessibility links

Семей ядролық полигонына жақын тұратын тұрғындарға берілуге тиіс өтемақы көлемі 13 миллиард теңгеге жақындады


Семей ядролық полигонына жақын тұратын тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік көмек 2007 жылдан бастап толық өтеледі деді Қазақстан прездиенті Назарбаев. Аталмыш көмек 1992 жылы қабылданған заң негізінде жүзеге асырылып келеді. Заңда жазылғандай бірінші кезекте өтемақы зейнет жасына келген адамдарға төленуге тиіс. Өткен жылы бұл мақсатқа республикалық бюджетте 197 миллион теңге ескерілген болатын. Бірақ, әкімшіліктер берген мәліметке сәйкес, жұмыс берушілер және бюджеттен төленетін өтемақы бойынша миллиардтаған теңге берешек жиналып қалған.

Осылайша қағаз жүзінде өтемақы төленсін деп жазылғанымен іс жүзінде ол төленбейді дейді кейбір семейліктер. Ал, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіподақтармен кездесуінде 2007 жылдан бастап Семей ядролық полигонына жақын тұратын тұрғындардың өтемақысы біртіндеп төлене бастайды деген уәде берді:

Бірақ бұл уәде орындалу үшін, заңға өзгеріс енгізілуге тиіс, дейді сарапшылар. Қазір парламентте жатқан еңбек кодексіне өзгерістер енгізілгенсоң Семей полигонына жақын тұратын адамдардың өтемақысы толық өтелуге тиіс. Ал, заң жобасын талқылап жатқан жұмыс тобының өкілі бұрыңғы депутат Алимпиада Черкашинаның айтуынша, ескі заң еңбеккерлердің құқын қорғамайды. Қазіргі заңда тіпті зейнет төлемдерінің өзін өтеу, міндетті емес, өз еркімен төленсін деп жазылған, сондықтан жұмыс берушілердің барлығы өз еркімен төлемейді ал төлейтіндер оны еңбекақыдан кесіп алады дейді ол:

Есімін айтқысы келмеген Семей қаласының тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығының айтуынша, тек осы қаладағы берешек сомасы 1 миллиард теңгеден асқан. Және өтемақы алғысы келетін ададмар саны әліде тіркеліп жатыр. Семей ядролық полигонына жақын тұратын әлі 120-150 мың адам келеді деп күтіп отырмыз, дейді ол.

Осы аймақта болып қайтқан эколог Дана Садықованың айтуынша, қазір берешек өтеліп жатыр, бірақ, оның көлемі 13 миллиард теңгеге жақындап қалған. Сондықтан, оның қашан өтеліп бітетіні белгісіз, дейді ол. Бастысы қазір бұл аймақта қоршау жоқ, дейді эколог:

- Еш жер қоршалмаған, тек ядролық ректор орналасқан жерғана қоршалған. Сол жерді ешкім тексеріп жатқан жоқ. Бірақ, біз адамдармен сөйлестік сол жерде тұратын, олар сол жерде мал бағамыз деп отыр.

Ресми ақпарат бойынша, Семей ядролық полигонына жақын тұратын тұрғындар саны 2 миллионға жуық. Бұл аймақтағы радиоактивті фон Қазақстанның басқа жерлермен салыстырғанда айтарлықтай көп емес. Бірақ, жергілікті тұрғындардың бұған дейін жинап алған мөлшері олардың денсаулықтарына кері әсерін әліде тигізіп келеді, дейді дәрігерлер. Кеңес одағы ыдырағансоң барлығы жаңа мемлекет құрылысымен айналысып, бірнеше мың адамға назарда аударған жоқ, дейді жергілікті тұрғындар. Дәрігерлердің мәліметінше, аймақтағы онкологиялық науқастар саны басқа аймақтармен салыстырғанда 2 есе көп. Оның себептері тек бұрыңғы жарылыстар ғана емес, дейді осы аймақта болып қайтқан эколог Дана Садықова:

- Металл сынықтарын әліде алып жатыр. Тұрғындар айтады бұрын көп болған қазір саттық дейді. АҚШ-пен Қазақстан үкіметі бірігіп бір нысанды жапқан болатын, алайда тұрғындар оны қайта ашып қайта кіретін болған.

Бұл аймақтағы тұрғындар әлі күнге дейін малдарын кратерлерде жиналып қалған сумен суғарып, қауіпті жайылымдарға малдарын жіберіп келеді. Көбінесе ер адамдар радиоактивті металл сынықтарын іздестірумен айналысады, дейді дәрігерлермен экологтар, оның сыртында осы аймақта машина жүргізетін ер адамдар радиоактивті шаң жұтып денсаулықтарына зақым келтіреді, деген мәлімет бар.
XS
SM
MD
LG