Accessibility links

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі АҚШ бастаған күштердің Ирақта қалу мандатын тағы бір жылға ұзарту жөнінде бірауыздан шешім қабылдады


Вашингтон. 160 мың АҚШ жасағы мен басқа да 20 елдің мыңдаған әскерлері енді Ирақ жерінде 2006 жылдың желтоқсанына дейін қала береді. Өткен айда Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари АҚШ бастаған көпұлтты күштердің Ирақта қауіпсіздік пен бейбітшілікті тұрақтандыру үшін әлі де тұра беруін қалайтындығын білдіріп, Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдаған болатын. АҚШ бастаған күштер БҰҰ-ның мандатына өткен жылы Бағдадта Ирақтың уақытша үкіметі орнағаннан кейін ие болған еді. Римде сапарда жүрген Ирақ президенті Жалал Талабани Ирақтың өз әскері 2006 жылдың аяғына қарай шетелдік жасақтардың орнын басатындай күшке ие болады деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG