Accessibility links

Бұрын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған, ал осыдан бір жарым жыл бұрын Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің басшысы қызметінен кеткен З.Нұрқаділовтың өлі денесі сенбі күні кешке қарай өз үйінен табылған


Алматы. Бұл жөнінде «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы М.Оразалиев азамат Нұрқаділовтың мәйіті жанында "Кобальт" тапаншасы жатқаны және марқұмның басында оқ жарақатының ізі бары турасында айтқан. Қазір тергеу жұмыстары басталып, полиция оқиғаның мән-жайын тексеруге кіріскен.

Заманбек Нұрқаділов 2004 жылдың көктемінде үкіметтегі сыбайластықты айыптап, оппозиция қатарына қосылған болатын. Нұрқаділов президент Н.Назарбаев пен оның отбасына қатты сын айтып, елдегі билік үлкен отбасының қолына шоғырланған, туыстық пен ағайынгершілік жайлап алған деп айыптап келген. Нұрқаділовтың қазасы Қазақстанда биылғы жылғы 4-желтоқсанда өтетін президент сайлауы қарсаңында орын алып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG