Accessibility links

Президент Буш АҚШ барлау агенттігіне халықаралық телефондарды тыңдау, электрондық хаттарды бақылау жөнінде өзі берген құпия тапсырма жөнінде ешқандай дәйекті жауап бермеді


Жалпы АҚШ заңы бойынша азаматтардың телефонын құпия түрде тыңдауға, олардың электрондық поштасына кіруге тек қана прокурордың ресми рұхсатымен ғана мүмкіндік бар. New York Times газетінде жазылғанындай, АҚШ Конгресінен бірқатар заңгерлер Ұлттық қауіпсіздік агенті бұл орайда американдық азаматтардың еркіндік құқтарын бұзып отыр, оны зерттеу қажет деген талап қойған еді. Бірақ АҚШ президенті ПиБиЕс теледидарына берген сұхбатында: «мен не істесем де американдықтарды террорлық шабуылдан қорғау үшін заң шеңберінде жұмыс жасаудамын» деген. Дегенмен, Буштың республикашы және демократиялық партиялардың бірқатар депутаттары бұл мәселе бойынша алдағы айда тыңдау өткізу керек деген талап қойды.
XS
SM
MD
LG