Accessibility links

Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауына Бислехмде және Ватиканда дұғалар оқылды


Бүгін бұл жерлерде Иса ғалейхиуассалам пайғамбардың туған күні тойлануда. Бислехмге 30 мыңнан көп адам келеді деп жоспарланып отыр. Христиандардың сенімі бойынша бұл жерде Иса пайғамбар туған. Израйль мен Палестина арасында бейбітшіліктің орнауына бұл екі қасиетті қалалардағы дінбасылары шақырды. Папа Бенедикт 16-шы Католик шіркеуінің басшысы ретіндегі, Иса пайғамбардың туған күніне байланысты, өзінің алғашқы құттықтау сөзін сөйледі. Азаматтарды рухани байлықты жұтатпауға шақырды. Сондай-ақ Судандағы Дарфур халқы және табиғат апатынан зардап шегуші Азия халықтары үшін дұға оқыды.
XS
SM
MD
LG