Accessibility links

Ресей мен Украина бүгін газ бағасы дауын талқыламақ


Ресей мен Украина мемлекеттік газ компанияларының өкілдері бүгін кешке кездесіп, газ бағасы дауын талқылайды деп хабарланды. Газ бағасының дауы Батыс Еуропаға тасымалданатын орыс газы экспортының тұрақтылығына қауіп төндірді. Ресей Еуропа Одағына тасымалданатын газ мөлшерін келісілген көлемге келтірдік, Украина газ ұрлап экспорт көлемі түсіп қалған еді деп мәлімдеді. Украинаның "Нафтогаз" компаниясының өкілі Эдуард Занюк "Газпром" компаниясының сөзі өтірік деді. Ресей бас министрі Михаил Фрадков Еуропа Одағына қайырылып, Еуропаға апарылатын газ тасымалына Украина қауіп төндіріп тұр, Украинаны жөнге шақырыңыздар деп үндеу айтты. Еуропа Одағы Ресей мен Украинаны дауды келіссөз арқылы шешуге шақырады.
XS
SM
MD
LG