Accessibility links

Польшада 66 адамның қазасын 3 күн аза тұтады


ВАРШАВА. Бүгін Польша президенті Лех Качинский Хожува қаласындағы апаттан 70-тей адамның қазасына байланысты 3 күндік аза тұту жариялады. Сенбі күні Катовице қаласының іргесіндегі көрме орталығының шатыры опырылып құлап, соңғы дерек бойынша 66 кісі қаза болып, 141 адам түрлі жарақат пен жара алды. Президент Л.Качинский бұл трагедияны “демократиялық Польшадағы ең зор апат болды” деп бағалады. Ол, сондай-ақ, болашақта мұндай трагедияға жол бермеу үшін, бұл апаттың себептерін тергеу барысын тікелей өзінің бақылауына алатынын мәлімдеді. Жарақат алған 141 адамның өміріне төнген қатер жоқ. Кеше түнде Силезия өлкесі үкіметінің өкілі апат болған жерден тірі қалғандарды іздестіру жұмысының тоқтатылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG