Accessibility links

БҰҰ-ның басшысы әлем елдері Ауғаныстанға көмек беруі керек деді


БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Ауғаныстанның бұғауда отырған елден демократиясы өркендей бастаған ел қатарына көшкеніне мадақтау айтты. Сейсенбі күнгі Лондонда өткен Ауғаныстанның келешегіне арналған халықаралық конференцияда сөз алған Кофи Аннан жағдайды жақсарту жолында халықаралық қолдау қажет болғанына тоқталды.

“Елдің өзі бейбітшілікке, демократияға, ең бастысы әрбір саладағы алға басушылыққа қолдау болып отырған қауіпсіздікке қол созып тұрғандықтан, бұл көмек көрсету барлық халықаралық қауымдастықтың мүддесіне сай болды”, - дейді Кофи Аннан.

Осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Құрама Штаттар келесі жылы Ауғаныстанға 1,1 млд доллар көмек беруді жоспарлап отырғанын айтқан. Бұл екі күндік конференцияда Ауғаныстанның алдағы 5 жылға арналған жоспары талқылануда.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG