Accessibility links

Лондонда имам болған Абу Хамза әл-Масри түрмеге жабылды


ЛОНДОН. Британ соты мұсылман дінінің уағыздаушысына нәсілдік өшпенділікке себепші болған және адамдарды өлтіру үшін арандатушылық жасаған деген айыптар тағып, оны жеті жылға түрмеге жапты. Мысырда туылған Абу Хамза әл-Масри Лондонда орналасқан бір мешітте имам болған. Оның адвокаты Муддассар Арани – Абу Хамза әл-масри өз ісінің саяси астары бар деп қарастырады деді. Хамза 2004-ші жылы мамыр айында қамауға алынып, оның соты өткен айда басталған болатын.
XS
SM
MD
LG