Accessibility links

Баспасөзге шолу. 03.01.2006 жыл

  • Гүлмира ХАМЗА

Наурыздың 1-күні жарық көрген қазақстандық басылымдар республика үкіметі құс тұмауының алдын алу үшін қандай шараларды іске асырып жатқаны туралы жазған. Бұл мақсатта шекарада 84 бекет санитарлық бақылау қызметі жұмыс істеп жатыр, алдағы уақытта 9,2 миллион мөлшердегі вакцина сатып алынады деп, күтіліп отыр. Құс тұмауымен қатар Қазақстанның мерзімді басылымдары сәрсенбі күнгі санында республикада жалақы көлемі өскенімен, азаматтардың әлеуметтік жағдайы жоғарламай отырғаны жайында жазған.

«Экспресс К» газеті сәрсенбі күнгі санында Қазақстан оппозиционерлері өздерінің шикілігін көрсетті деп жазыпты. Мұндай ерекшелігін олар, басылымның хабарлауынша, оппозиционерлер «Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімін пайдаланып, саяси шиеленіс жасау арқылы көрсеткен». Басылымда жарияланған мақалаға жүгінсек, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы жетекшілерінің республика парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қызметтен кетуін талап еткен ұсынысы негізсіз. Себебі, олардың талабы орынсыз екенін дәлелдеу үшін құқықтану негіздерін де зерттеудің қажеті жоқ деп жазады мақала авторы Қасым Көпжасар “Экспресс К” газетінің соңғы санында.

Ал “www.mizinov.net” интернет басылымы сәрсенбі күні парламент депутаты, президенттік “Отан” партиясының мүшесі Серік Әбдірахманов «парламенттік отырыста неге сенаттың жетекшісі Нұртай Әбіқаев жоқ?» деп сұрақ қойғаны жайында жазған. Өз сөзінде Серік Әбдірахманов танымал саясаткерлер Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне байланысты арнайы мәлімдеме жасайтыны туралы, соңынан бұл мәлімдемені бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жариялайтыны жайында айтқан. “Осы арқылы мен республика президентін халыққа жақын болуға шақырамын, себебі, қайтыс болған азаматтардың қалай және не себептен қаза тапқаны туралы айтқан ресми ақпаратқа ешкім сенбейді” деген өз сөзінде Серік Әбдірахманов.

“Егемен Қазақстан” басылымы Қазақстан үкіметінің құс тұмауымен күрес жүргізу үшін қандай шараларды іске асырып жатқаны жайында жазған. Демек, «құс тұмауының таралмауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі су қоймаларына күн сайын мониторинг жүргізуде, облыстардың әкімдері жетекшілік ететін штаб құрылған, медициналық мекемелерде материалдық-техникалық база жетілдірілген, қажетті жабдықтар сатып алынған. Сонымен бірге су қоймасы мен үй құстарына қолдану үшін ресейлік өндіріс орындарынан 9,2 миллион мөлшердегі вакцинаны сатып алу жоспарлануда. Астана мен Алматы әуежайларында вирусты жұқтырғандарды анықтау үшін арнайы құрал орнатылған» деп жазады “Егемен Қазақстан” газеті.

Ресми статистика бойынша, жыл сайын қазақстандықтардың әл-аухаты өсіп келе жатыр, бірақ, шынайы өмірде бұл өзгеріс онша байқалмайтыны жайында “Аргументы и Факты Қазақстан” басылымы жазыпты. Себебі, ресми мәліметтер бойынша, Астана қаласында білім саласында жұмыс істейтін маманның орташа еңбекақысы 27890 теңгені құраған. Ал ғылыми атақ-дәрежесі жоқ, жас маман салықтарды төлегеннен кейін 18-20 мың теңге алады. Бір орташа жас отбасына шаққанда олардың үйіне ай сайын орта есеппен 30-33 мың теңге көлемінде кіріс келеді. Бірақ, 4 адамнан тұратын отбасын асыру үшін кем дегенде бүгінгі таңда 60-70 мың теңге керек екен.

Үштөбе қаласында жоғалып кеткен қыздар табылып, жеңгетайлар қамауға алынғаны жайында сәрсенбі күнгі санында “Айқын” басылымы жазып отыр. Мәселенің мән-жайына келер болсақ, қаңтардың соңғы күндерінде Үштөбе қаласындағы Фурманов атындағы мектептің 8-ші сынып оқитын қызы жоғалып кетеді, соңынан мамандар іздестіру жұмысын бастағанда, 9-шы сыныпта оқитын тағы да үш қыз жоқ болып шыққан. «Бірақ, мамандардың жедел түрде жүргізген жұмысының нәтижесінде жоғалған қыздар табылып, жеңгетайлар қамауға алынды» деп жазады “Айқын” басылымы.
XS
SM
MD
LG