Accessibility links

Ресей үкіметі Қазақстан банкирі Нахмановичке өтемақы төлеуге кесілді


Страсбург қаласында орналасқан Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты Ресей үкіметі қазақстандық банкир Лев Нахмановичке 21 мың доллар өтемақы төлесін деп бұйырды. "Жамбыл коммерциялық банктің" төрағасы Лев Нахманович ақша жамқырды деп айыпталып, Ресейде тергеуге тартылған болатын. Алайда ол Ресей заң орындарынан қашып кетіп, 1997 жылы Швейцариядан қайтарылған еді. Лев Нахманович Ресей түрмесінде үш жыл отырды, 2004 жылы ақталып шықты. Енді міне Ресей үкіметі Лев Нахмановичке өтемақы ретінде 21 мың доллар төлеуге кесілді.
XS
SM
MD
LG