Accessibility links

Израиль палестиналық “Хамас” ұйымымен Мәскеудегі келіссөзге наразы болды


МӘСКЕУ. Ресей президенті В.Путин мен Израиль премьер-министрінің міндетін атқарушы Эхуд Ольмерт палестиналық “Хамас” ұйымы делегациясымен Мәскеуде болып өткен келіссөз аясындағы Таяу Шығыста қалыптасқан ахуалды талқылады. Кеше болған телефон әңгімесінде В.Путин мен Э.Ольмерт екі елдің өзара достық қарым-қатынасын әрі қарай дамытуға деген ниеттерін растады. Бірақ Э.Ольмерт “Хамас”делегациясының Мәскеудегі келіссөзіне қарсылық білдірді. Оның пікірінше, бұл келіссөз “Хамас”-тың Израильді мойындамауын және қарулы күресін жалғастыруға деген ниетін мақұлдай түседі. Бұл әңгіме Ресей жағының бастамасымен болды. В.Путин Дж.Бушқа да телефон соғып, Мәскеудегі келіссөзі жайынан құлақтандырды.
XS
SM
MD
LG