Accessibility links

Өзбекстан үкіметі шетелдік журналистердің іс-әрекеттерін реттейтін жаңа заң ережесін қабылдады


Ол ереже бойынша, шетелдік журналистердің Өзбекстандағы ата заңға орай, ішкі істерге араласу, аумақтық біртұтастықты бұзу, соғыс әрекетіне, ұлттық, нәсілшілдік, діни қақтығыстарға шақыруға құқы жоқ. Ал «Шегара білмейтін репортерлар» ұйымының Еуропа бөлімшесінің жетекшісі Аннабелла Арки «Азаттық» радиосының тілшісіне:

- Бұл заң бойынша журналистер енді ресми әкімшілікті сынай алмайды. Ал аумақтық біртұтастық, діни қақтығыс жөніне келсек, Өзбекстандық басшылық Әндіжандағыдай келесі бір көтеріліс немесе төңкерістің болуын қаламайды, - деді.

Өткен мамырдағы Әндіжан қырғынынан кейін Өзбекстандағы БиБиСи және «Азаттық» радиосының тілшілеріне берілген ресми рұхсаттың күші жойылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG