Accessibility links

Беларусь елінде бүгін президенттік сайлаулар басталды


Қызмет басында 12 жыл болған А.Лукашенко осымен 3-ші рет президенттік сайлауға түсіп отыр. Талдаушылар болса бұл сайлаудың әділ, еркін өтуіне күдікпен қарайды. Президент Лукашенко, Беларуста ешқандай төңкеріс болмайды десе, елдің қауіпсіздік қызметі (КГБ) көшеге наразылық шеруіне шыққандар терроршылықта айыпталып жауапқа тартылатынын ескертеді. Беларусь астанасы Минскіде сенбі күні, оппозициядағы үміткерлерді қолдауға арналған рок концертін тамашалауға 4 мыңдай адам қатысты. Концерт «Біз Бостандық үшін дауыс береміз» деген ұранмен өтті. Жиналған жұрт алдында үкіметтік ресми саясатқа қарсы оппозициядан үміткер Александр Милинкевич сөйледі. Рұхсат етілген бұл концерттік жиын жанжалсыз тыныш өтті.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG