Accessibility links

АҚШ-тық ақпарат құралдары Ирандағы ядролық бағдарлама жөнінде қандай ресми пікірлерге назар аударып отыр?

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Иран Палестина үкіметіне келген Хамас тобын қолдайтындығын білдіріп, Хамас үкіметі әкімшілігіне 50 млн доллар қаржы көмегін береміз деп отыр. Сондай-ақ, Иран жақында өзінің ядролық бағдарлама шеңберінде уран байытуға кіріскендігін де жариялады. Ал АҚШ және бірқатар батыстық өзге елдер енді Иран қаупі жөнінде бұрынғыдан да көбірек алаңдаушылық білдіре бастады.

«Нью Йорк таймс» газетінің сәуірдің 15-інде шыққан санында жазылғанындай, АҚШ мемлекеттік департаменті Иран мәселесі бойынша жаңа кеңсе ашып, Ирандағы саяси үдерісті өзгерту үшін сол мәселемен шұғылданатын арнайы топтарға, орталықтарға қаржы бөліп отыр екен. Ал егер мемлекеттік департаменттің сұраған 85 млн долларын Конгресс мақұлдаса, онда тіпті Иранға арналған ол жоба кеңейтілуі де мүмкін.

Ол 85 млн доллар Ирандағы жағдайды зерттеушілерге стипендия, грант ретінде және парсы тілді радио-, телебағдарламаларға арналған секілді. Ал «Вашингтон пост» газетіне АҚШ мемлекеттік департаментінен өз есімін атамаған бір ресмидің айтуынша, грант алмақ топтар Ирандағы реформаны кім, қалай іске асыра алады деген мәселеде тартысқа кірісіп кеткен сияқты.

Сондай-ақ, «Нью рипаблик» (Жаңа республика) деген интернет сайтында сәуірдің 10 күні Мемлекеттік департаменттегі орталықтан тыс, Иран-Сирия деген топтың саясаты жөнінде жазылыпты.

«Нью Йорк сан» газетінің жазуынша, Мемлекеттік департамент Иранға арналған студенттік радиоға қаржы бөлу мәселесін қарастырып жатыр екен. Ал, АҚШ Сенатындағы сыртқы байланыстар комитеті және Өкілдер палатасындағы топ «Азаттықтағы» Фарда радиосы мен «Америка дауысы» телехабарларына қаржы мәселесімен айналысып жатыр екен. Бұған қоса әскери, соғыс шараларымен белгілі АҚШ қорғаныс министрлігі де Иранға хабарлар тарату бағдарламасына араласпақ.

АҚШ Ауғанстан мен Ирақтағы соғысы кесірінен қаншама сынға, әнгімеге кезігіп отырғаны белгілі. Ал енді «Вашингтон пост» газетінде Ұлттық ішкі қауіпсіздік мәселесімен айналысатын талдаушы Уллиям Аркиннің жазуынша, кемінде 2003 жылдың мамырынан бері АҚШ Орталық әскери қолбасшылығы Иранға қарсы кең көлемді соғыс мүмкіншілігін жоспарлап келген. Талдаушы бұл орайда, ТИРАНТ – Жақындап қалған Иран театры, сондай-ақ Карона деген басқыншылық сценарий және 2044 жылғы шілдедегі Хотспр соғыс ойындарын мысалға келтіреді. Ал ТИРАНТ аут йе, немесе Той стади деген зерттеу әлде операция Иран мен АҚШ арасында 2011 жылда болуы мүмкін соғыс негізінде жасалған, дейді зерттеуші.

Осы сәуір айының 2-ші аптасынан бастап АҚШ-та шығатын «Форвард», «Нью Йоркер», «Вашингтон пост» басылымдары ядролық қауіпті жою үшін АҚШ Иранға қарсы әскери шабуылға дайындалуда деп жазды. Ал «Вашингтон пост» тіпті ол операция Ирандағы ядролық қондырғыларға кейбір таңдаулы әуе соққысы, Ирандағы Барлау қауіпсіздік министрлігі, Ислам революциясы күзеттік корпустарына және үкіметтік орындарға зымыран шабуылы жоспарланған деп те жазды. Сондай-ақ, «Нью Йоркер» басылымы АҚШ-тың негізгі мақсаты - Ирандағы режимге қарсы шағын ұлттардың көмегімен сол Ирандағы режимді өзгерту деп хабарлады.

Президент Буш сәуірдің 10-ы күні-ақ, Вашингтондағы Джон Хопкинс университетінің ұжымы алдында, «ол хабардың бәрі жай болжам, жорамал, жекеше пікір ғана. Сіздер оқыған ондай жабайы ойлар ел астанасында жиі кездесіп тұрады» деді. Сонымен қатар, Буш ол күні АҚШ Иранның ядролық қаруларға ие болғандығын қаламайды деді.

«Бірақ, шара қолдану, алдын алу дегенім күш қолдану емес, дипломатиялық жолмен Иран мәселесін шешу қажет», - деген болатын АҚШ президенті.

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ларижани сол күні-ақ әл-Жазира телеарнасыа берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы жөніндегі хабарлары - бұл психологиялық шабуыл деді.

Ал АҚШ-тық бұрынғы барлау офицері Гархам Фюллер, соғыс жөніндегі мұндай ақпараттар жалған болжам, өтірік жорамал, психологиялық ойын, деген пікірін білдірді. Мұны «Форвард» газеті жазады.
XS
SM
MD
LG