Accessibility links

Ю.Тимошенко өзіне премьер-министр лауазымын талап етіп отыр


Бүгін президент В.Ющенконың “Біздің Украина” блогі парламент коалициясын құру мәселесі бойынша Ю.Тимошенконың блогімен және Социалистік партиямен арадағы келіссөзін уақытша тоқтатты. “Біздің Украина” блогі басшысының өкілі Роман Зварычтің айтуынша, мұндай шешім Тимошенконың билік лауазымдарын бөлісу туралы мәлімдемесінен туып отыр. Тимошенко премьер-министр лауазымы өзі бастаған блокқа, парламент төрағалығы Социалистік партияға берілсін, “Біздің Украина” блогі - онсыз да президент тағын алып отыр” деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG