Accessibility links

АҚШ әскері 50-дей тәліпті емес, 60 тәліпке қоса 16 бейбіт тұрғынды қырып салды


КАБУЛ. Ауғанстанның Кандагар өлкесі әкімінің хабарлауынша, елдегі АҚШ бастаған коалициялық күштердің әуе соққысынан 60 тәліп пен 16 бейбіт тұрғын қаза тапты. Өткен түнде коалициялық күштер, барлаушылардың мәліметі бойынша, тәліптер паналаған елді-мекенге әуеден соққы берген болатын. Өткен аптада Кандагар өлкесінің осы ауданында коалиция әскері мен Талибан жасақтарының өзара кескілескен шайқасы болған еді.
XS
SM
MD
LG