Accessibility links

Дәрігерлер футболдан әлемдік кубок ойындарының денсаулыққа әсерін арнайы түрде зерттеуде


Мексика дәрігерлері жанкүйерлердің тым әсерленбеуіне кеңес береді. Хоң-Конг дәрігерлері болса жүрек жалғарға жеміс-жидек жеуге кеңес беріп отыр. Еуропа дәрігерлері ойын кезінде жанкүйердің дефибрилятор аспабын өзімен ұстауын жөн көруде. Ол құрал тоқтап қалған жүректі қайта жандандыруға көмектеседі екен.

Ағылшын футбол командасы 1998-ші жылғы әлем Кубогында Аргентинадан жеңіліп қалған кезде, Британияның жергілікті ауруханаларына жүректері қысылып түскендер саны 25 пайызға көтеріліп кеткен екен. Англияның Бирмингем университетіндегі психолог-профессор Дуглас Каролдың айтуынша, сол жолғы Аргентинамен ойынды 22 миллион адам қызықтаған. Жер сілкінісі мен зымырандық шабуылдар көбірек қауіпті болуы да мүмкін. Алайда футбол ойынын тамашалаушылар санының көп болатындығын ескеру керек, дейді ол. Голландия мен Швейцария зерттеушілері де осыған ұқсас қорытындыға келген.

- Сіз стресс алған болсаңыз, онда жүрек соғысыңыз жиілеп, қан қысымыңыз көтеріліп кетеді. Мұның өзі, егер бұған дейін сырқатыңыз болған болса, коронарлық артерия жүйесінің ауруға шалдығуына әсер етеді, - дейді Швейцарияның Лаузанидегі университет ауруханасында кардиолог боп істейтін Еуген Кәтз.

Маманның бұл пікіріне нақты мысал келтірсе де болады. Өткен айда Кардифтің Миллениум стадионында Британияның финалдық кубок ойындарын тамашалап отырған сәтінде 50 жасар Девид Лакхөрст жүрек талмасынан құлаған екен. Көп өтпей-ақ ол қаза болған.

Жанкүйерлік сезімнің бәрі бірдей зиянды емес. Мысалы, жоғарыда айтылған 1998-ші жылғы Әлемдік кубок жөнінде қайта сөз қозғасақ болады.

- 1998-ші жылғы ФИФА-ның Әлемдік кубогында Франция командасы жеңіске жеткенде, бұл елдегі жүрек аурулары бойынша өлім деңгейі төмендеп кеткен, - дейді Кәтз мырза.

Франция зерттеушілерінің сенімінше, француздардың жеңісіне байланысты елдегі тұтастай алғандағы қуанышты, асқақ сезімдер жанкүйерлер бойындағы сілкіністі теріс әсерлердің деңгейін азайтқан.

Сондай-ақ ер азамат жанкүйерлер үшін тағы бір қолайлы жағдай бар екен. Құрама Штаттар ғалымдары 1990-шы жылғы Әлем кубоғын тамашалаған 21 ер азаматқа бақылау жүргізген еді. Сол кезде жеңіске жеткен жақтың жанкүйерлерінің бойындағы жыныстық басты гормон - тестосерон деңгейі өсіп, ал жеңіліске ұшыраған жақ жанкүйерлерінде ол көрсеткіш кеміп кеткен.

Футбол ойыны кезінде әйелдердің жүрек талмасына ұшырауы аздау кездеседі екен. Ғалымдардың айтуынша, әйелдер қауымы жер сілкіністері мен соғыстар кезінде де ондай сезімталдық күйге азырақ түседі. Ең дұрысы, дейді дәрігерлер, футбол ойынына жүрегі әлсіздер, дер кезінде дәрісін бере қоятын, әйелдерін де өздерімен бірге ертіп барғандары дұрыс.
XS
SM
MD
LG