Accessibility links

НАТО-ның Ауғанстандағы түрік елшісін голланд дипломаты алмастырады


БРЮССЕЛЬ. Бүгін НАТО әскери одағы өзінің Ауғанстандағы өкілі ретінде голландиялық дипломат Даан Эвертсті мақұлдады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымдағы Голландияның елшісі болған Эвертс – Ауғанстандағы НАТО өкілеттігінде қазіргі түрік дипломаты Хикмет Четинді тамыз айында алмастырады. Ол - НАТО-ның Ауғанстан үкіметімен арадағы қарым-қатынасына жауап береді. Қазір НАТО Ауғанстанның оңтүстігіндегі қауіпсіздік шарасына әзірлену үстінде.
XS
SM
MD
LG