Accessibility links

Бүгін Израиль әскерлері әуеден соққы беріп, кемінде бір палестиндікті өлтірді


Израиль жауынгерін ұстап алып кеткен палестиналық соғысушылардың талаптарын Израиль жоққа шығарды. Соғысушылар Израильден оның түрмелерінде отырған әйелдер мен балаларды сейсенбіге дейін босатуды талап етті, орындалмаған жағдайда оның ауыр салдары болатынын ескертті. Алайда бұл ультиматумға қарамастан Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт кепілдікте отырған жауынгерді босату мақсатында Газа аймағындағы әскери операцияларды одан әрі жалғастыруға бұйрық берді. Бүгін Израиль әскерлері әуеден соққы беріп кемінде бір палестиндікті өлтірді.
XS
SM
MD
LG