Accessibility links

Украина парламентіндегі партия өкілдері бір мәмілеге келіп, Рада отырысын жалғастырды


Бүгін Украина парламентінің отырысы оппозициялық партияның бірнеше күнгі тосқауылынан кейін қайта жалғасты. Жоғарғы Рада отырысы оппозициялық “Аймақтар партиясының” жетекшісі Виктор Януковичтің жаңа құрылып жатқан коалициямен келісімге қол жеткізген соң жалғасып отыр. Осыған дейін Аймақтар партиясы парламент комитеттеріндегі негізгі орындарға мүшелерін енгізуді талап еткен болатын. Бүгін кешке парламент депутаттары спикерді сайлау үшін дауыс береді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG