Accessibility links

Жапония Ираққа 30 млн. доллар несие-қаржы береді


БАҒДАД: Ирақтың Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Муаффақ Әр-Рубаи 6 күндік сапармен Жапонияға аттануға тиіс. Күншығыс елінің сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Әр-Рубаи Жапонияның ресми өкілдерімен кездесіп, Ирақтағы қазіргі ахуалды және жапон-ирақ қарым-қатынастарының келешегін талқылауы жоспарланып отыр. Осы айдың басында Жапонияның сыртқы істер министрі Таро Асо Бағдадта болып, елдегі қайта жұмыстарына көмек ретінде 30 млн. доллар несие беретінін мәлімеді. Жапон әскері Ирақта 2.5 жылдай болып, шілде айында елге оралды.
XS
SM
MD
LG