Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт бейбітшілікті сақтауға көмектесу мақсатында Ливанның оңтүстігіне орналастырылатын халықаралық бітімгершілік күштерін Италияның басқаруын қалайтынын айтты. Бұл туралы Олмерт Италия премьер-министрі Романо Продимен телефон арқылы сұхбаттасқанында мәлімдеді. Олмерт, сондай-ақ, Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастары жоқ елдер БҰҰ күштері құрамында болмауы тиіс деді. Бірақ кейбір елдер, олардың ішінде Индонезия, Бангладеш және Малайзия мемлекеттері өз әскерлерін Ливанның оңтүстігіне жіберетінін айтқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?