Accessibility links

Ауғаныстанда итальяндық журналисті ұрлағандар христиан дініне өтіп Италияда тұрып жатқан ауғандықты талап етуде


Ауғаныстандағы итальяндық журналист Габриель Торселлоны ұрлағандар, оған айырбас ретінде Христиан дініне өтіп, Италияда тұрып жатқан ауғандықты беруді сұраған. Олар 41 жасар Абдул Рахманды айырбасқа сұраған талаптарын Хельманд провинциясындағы Италияның көмек агенттігі арқылы жеткізген. Итальяндық тәуелсіз журналист Тоселло ислам дінін қабылдаған. Ал, христиан дініне өткен мұсылман Абдул Рахман Ауған заңы бойынша өлім жазасына кесілуі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG