Accessibility links

Бүгін бұрынғы Совет одағы таратылды деп жарияланған Беловежье шешіміне 15 жыл толды


Бұл күні Беларусияның Брест қаласы маңайындағы аң аулайтын жердегі сарайда бас қосқан сол кездегі Ресей президенті Б.Ельцин, Украина президенті Л.Кравчук және Беларусь Жоғары кеңесінің төрағасы С.Шушкевич, Совет одағы күйреді, деп жариялаған болатын. Бұл 15 жылдыққа орай Станислав Шушкевич «Азаттық» радиосына былай деді:

– Кімде-кім Совет одағы сол Беловежье келісімі арқылы таратылды десе, онда қателеседі. Себебі, 1991-жылғы путчистердің тамыз төңкерісі арқылы, сондай-ақ, советтік жетекші Горбачевтің арқасында ол одақ әлдеқашан жойылып болған еді. Михаил Горбачев тіпті конфедерация жөніндегі ұсынысқа да көнбеді.

Сонымен, ол кездегі бұрынғы СССР-дің орнына Тәуелсіз мемлекеттер достастығы одағы ұйымы ұсынылды. Ал желтоқсанның 21-інде Әзербайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдово, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина ТМД одағын құру жөніндегі келісім хаттамасына қол қойды. ТМД ұйымына Грузия 1993-жыл қосылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG