Accessibility links

Израильді ядролық қаруы бар елдермен қатар атаған Э.Ольмерт әзілдеді ме?!


НЬЮ-ЙОРК: Иран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Израильді ядролық қаруынан бас тартқызу үшін оған қысым жасауын өтініп хат жолдады. Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған хатында Иранның Ұлттар Ұйымындағы елшісі Джавад Зариф Израильдің ядролық қаруынан аймаққа қатер төніп тұрған сәтте, Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату мүмкін емес деп атап көрсетеді. Хатта ол Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерттің таяудағы Израильді ядролық қаруы бар елдермен қатар атаған сөзін мысалға келтіреді. Ольмерттің кеңсесі оның сөзін “дұрыс түсінбеген” деп ақталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG