Accessibility links

Иран МАГАТЭ агенттігімен арадағы ынтымақтастықты үзбейді


Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Мохаммад-Әли Хоссейни Иран атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен ынтымақтастығын үзбейді деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім бойынша Иранның міндеттемесін атап көрсетті. Өткен аптада Иран парламенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларына байланысты МАГАТЭ агенттігімен арадағы ынтымақтастықты қайта қарап шығу жөніндегі заң жобасын мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG