Accessibility links

Хрант Динктің өліміне кінәлі делінген күдікпен 8 кісі тұтқындалды


Түркия БАҚ-дарының хабарына қарағанда, полиция армян ұлтынан түркиялық журналист Хрант Динктің қасақана өліміне байланысты делінген күдікпен тағы да 5 кісіні тұтқындаған. Сонымен, бұл қылмыстағы күдіктілер саны сегізге жетіп отыр. Хрант Динк Ыстанбулда ақпанның 19-ында атып өлтірілген болатын. Бұл қылмыс жөнінде Түркияның бас министрі Ердоған теледидар арқылы былай деді:

- Өкінішке орай, арам мақсаттағы күштер енді Хрант Динктің өміріне қол салды. Және бұл қылмыс Армяндар геноциды жөнінде әңгіме көп тарап жатқан кезде жасалып отыр.

Динк 20-ғасырда түріктердің қолынан қаза тапқан армяндар тағдыры туралы жазып, түрік ұлтшылдары мен әкімшілік наразылығына ұшырап келген. Бірнеше рет сот алдында жауап та берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG