Accessibility links

АҚШ жауынгерлері Иранның қару-жарағынан қаза тауып жатыр


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз етуге Иран басшыларының қатысы бар-жоқтығын өзінің айта алмайтынын мәлімдеді. Дегенмен де, кеше Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш “Ислам төңкерісінің сақшылары” корпусына қарайтын бөлімнің Ираққа қару-жарақ жіберіп отырғанына өзінің күмән келтірмейтінін мәлімдеді. Ол қару-жарақтан АҚШ жауынгерлері қаза тапты. Одан бірнеше күн бұрын ғана Ирақтағы АҚШ армиясының басшылығы Ирақтағы көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз етуге Ирақ үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысы бар деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG