Accessibility links

АҚШ-та барлау сарапшысына кімдер қастандық жасағаны әлі белгісіз қалып отыр


Құрама Штаттардың федералдық және жергілікті хұқық қорғау ұйымының ресми өкілдері Ресей бойынша барлау агенттігі сарапшысына жасалған қарулы қастандықтың себебін зерттеуде. Паул Жойалды екі адам оның Уашингтон шетіндегі үйінің жанында, наурыздың 1-і күні атып кеткен болатын. Жойал аман қалды, алайда ауыр жадайда аруханада жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ол телесұхбатында Александр Литвиненконың өліміне Ресей президенті Владимир Путин үкіметінің қатысы бар, деген еді.
XS
SM
MD
LG