Accessibility links

Францияға 12 жыл президент болған Ж.Ширак үшінші рет сайлауға түспейді


ПАРИЖ: Кеше Франция президенті Жак Ширак алдағы сәуір айында өтетін президент сайлауында “үшінші рет дауысқа түспейтінін” мәлімдеді. 74-жастағы Ж.Ширак өзінің саясаттағы жолын осыдан 40 жыл бұрын бастап, 18 жыл Париждің әкімі, 2 рет Францияның премьер-министрі, 1995-інші жылдан бері Францияның президенті болды. Президент сайлауына түсетіндердің ішінде қазіргі ішкі істер министрі, оңшыл центристердің өкілі Николя Саркози, социалистердің өкілі Сеголен Руяль ханым және центрист Франсуа Байру ең басты үміткерлер болып саналады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG