Accessibility links

Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Солана Таяу Шығыс елдерін аралап жүр


БЕЙРУТ: Еуропа Одағының сыртқы саясатының үйлестірушісі Х.Солана Ливан лидерлерін билік үшін 4 ай бойы жалғасқан талас-тартысының саяси шешімін тез табуға шақырды. Ол жайында Бейрутқа сапармен барып, Ливан премьер-министрі Фуад Синиорамен және оппозициядағы “Хизболла” ұйымының одақтасы болып табылатын парламент спикері Набих Берримен келіссөзінен кейін Х.Солананың өзі хабарлады. Бейруттан кейін Х.Солана Сауд Арабиясының басшыларымен келіссөз өткізу үшін Ар-Риядқа, одан кейін Сирия президенті Башар Әл-Асадпен кездесу үшін Дамаск қаласына баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG