Accessibility links

Ирақта қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің қатары тағы да толықты


БАҒДАД: Кеше Ирақ президенті Жалал Талабани өз үкіметінің көтерілісшілердің 5 тобымен байланысып, оларды соғыс қимылдарын доғарып, елдегі саяси процеске атсалысуға үгіттеп жатқанын деп хабарлады. Алайда Талабани нақты қандай топтармен арада келіссөз өтіп жатқанын айтпады. Ал осы күні Бағдадта тасадан жасалған шабуылдан АҚШ-тың 2 жауынгері мерт болды. АҚШ армиясы басшылығының мәліметі бойынша, оның қарсаңында Ирақ астанасында көтерілісшілерге қарсы шайқаста 4 Ирақ жауынгері оққа ұшып, 20 шақты экстремистің көзі жойылды.
XS
SM
MD
LG