Accessibility links

“Amnesty International” ұйымының айтуынша, өткен жылы әлемде өлім жазасының іске асырылуы азайған


Адам хұқтары бойынша “Amnesty International” ұйымы 2006-шы жылы әлемде өлім жазасының іске асырылуы 2005-ші жылмен салыстырғанда азайған дем мәлімдеді. Лондонда орналасқан бұл ұйымның айтуынша, өткен жылы 1591 адам өлім жазасына кесілген, ал 2005-ші жылы шамамен 2150 адамға өлім жазасы шығарылған. Жалпы шығарылған барлық өлім жазасының 90 пайызы әлемнің алты елінде, яғни Қытай, Иран, Ирақ, АҚШ, Судан және Пәкістан мемлекеттерінде іске асырылған. “Amnesty International” ұйымы өлім жазасына мораторий жариялауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG