ТИРАНА: Кеше Албания парламенті өткен аптада қызметінен кеткен Бесник Мұстафадждың орнына бұрынғы көлік министрі Лулзим Башаны сыртқы істер министрі етіп бекітті. Мамандығы бойынша “заң сарапшысы” болып табылатын Лулзим Баша, сонымен қатар, 2005-інші жылдан бері парламент депутаты болатын. Албан премьер-министрі Сали Бериша оны “мен әбден шаршағанымды сездім” деген сылтаумен қызметінен бас тартқан Мұстафадждың орнына тағайындады. Ал бұрынғы ішкі істер министрі Сокол Оллдаши – Башаның орнына көлік министрі болып отырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?