Accessibility links

Ирақта “Әл-Қаида” көсемінің бірі мен “Ирақ ислам мемлекетінің” басшысы қаза тапты


БАҒДАД: Ирақта дүйсенбі күні Бағдадтың төңірегінде “Әл-Қаида” көсемдерінің бірі – Мухариб Әбді Әл-Латиф Әл-Джубуридің көзі жойылды. Ол жайында Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы хабарлады. Әл-Джубури – талай шетелдік азаматтың ұрлануын ұйымдастырушы болып есептеледі. Ал бүгін Ирақтың ішкі істер вице-министрі Хуссеин Әл-Камал Бағдадтың батысында АҚШ пен Ирақ әскерлері “Әл-Қаидамен” тығыз байланысы болған “Ирақ ислам мемлекеті” тобының көсемі Әбу Умар Әл-Бағдадидің көзін құртқанын хабарлады. Бірақ әзірше АҚШ әскері оны растамай отыр.
XS
SM
MD
LG