Accessibility links

БҰҰ Иранға қарсы бұрынғыдан да қатаң жаза қабылдауы мүмкін


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германияның ресми өкілдері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі бойынша келіссөз өткізеді. Бүгін Берлинде өтетін осы келіссөзге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс қатысуға тиіс. Ресми Теһран Қауіпсіздік Кеңесінің уран шикізатын байыту жұмыстарын доғару талабын орындаудан бас тартқан болатын. Батыс дипломаттарының мәлімдеуінше, Иран осы райынан қайтпайтын болса, оған бұрынғыдан да қатаң жаза қабылдануы мүмкін.
XS
SM
MD
LG