Accessibility links

Британия бас министрі Тонни Блейер қызметінен кетпек


Тонни Блейер шешімін жұма күні жариялауы мүмкін. Тонни Блейер қызметтен кететінін осыдан бір жылдан аса бұрын қабылдаған. Тонни Блейер жолын өзінің Еңбек партиясынан шыққан қаржы министрі Гордон Браунға беріп отыр. Британия жұртшылығы Тонни Блейердің үкімет басындағы қызметін қалай бағалап отыр?

Тонни Блейер үкімет басына осыдан он жыл бұрын 43 жасында келген. Сөйтіп, ол Британияның ең жас бас министрі болған еді. Енді ол қызметінен кететінін осы аптада жариялауы мүмкін. Ондай болса Тонни Блейер Еңбек партиясының жетістіктері өсе түскен мезгілде кететін болып отыр. Дәл осы аптада Солтүстік Ирландияда одақшылдар мен республикашылдар арасында билік бөлісу келісімі жасалды, олардың көптен бергі араздығы енді басылуға тиіс.

Мамыр айының басында Еңбек партиясы жергілікті сайлауларда үмітін ақтап алды. Сайлаушылар Еңбек партиясының байырғы қарсыласы, Ирақ соғысын қатты сынайтын Либералды Демократиялық партиясына емес, Британиядағы үшінші ірі партия Консерваторлар партиясына көбірек сенім артты. Кейбір сарапшылар Тонни Блейердің саяси тарихы бір қана Ирақ соғысы арқылы емес, көптеген мәселе арқылы қаралатын болады дейді. Уаруик университетінің маманы Девид Карлтон, мәселен, былай дейді:

- Британия элитасы қалың бұқараға емес, Ирақтағы соғысқа тым көп көңіл бөлді. Ирақтағы жағдай соншалықты нашарлаған сайын көптеген жұрттың көңілі қалғаны сөзсіз. Дегенмен, олар жұртты ойлағанда бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі дегенге күмәнім бар.

Девид Карлтон жұрттың біразы Тонни Блейердің істерін Ирақ мәселесі арқылы талқыласа, көптеген адамдар бірінші орынға Тонни Блейердің басқа халықаралық бастамаларын қояды дейді. Мәселен, Британия "Үлкен сегіздікте" төрағалық жасағанда Тонни Блейер Африка мен Азияның ең кедей елдеріне көмек көрсету бастамасын көтерді. Тонни Блейер Британияның тарихи тұрғыда қалыптасқан оқшаулануында шектелген жоқ, Еуропа Одағымен қарым-қатынас күшейтті. Лондонда орналасқан "Экономист интеллидженс юнит" зерттеу институтының директоры Чарльз Дженкис көптеген британдықтар мұны дұрыс саясат деп қабылдады дейді:

- Британияны Еуропа қауымдастығына қосқан Тед Хииздің заманынан бері ол ең мықты еуропашыл бас министрге айналды деп айтылып келеді. Еуропадағы барлық әріптестірімен болмаса да, көпшілігімен қатынас құруға мұның өзі шынайы түрде жеткілікті.

Тонни Блейердің қызметін айғақтайтын мәселенің арасында сарапшылар энергетика мәселесін де алға шығып отыр. Энергетия қоры азайса, Ресей мұнайы мен газына тәуелді болуға болмайды деп Тонни Блейер ядролық энергетика жобаларына ерекше көңіл бөлді. Сарапшылар Тонни Блейер Таяу Шығыс мәселесіне де көп араласты, келісім жолдарын көп қарастырды деп көрсетеді. Жалпы, Тонни Блейердің саяси қызметі бас министр лауазымынан кейін де жалғаспақ, сондықтан Тонни Блейердің саяси келбетін жаңа кезеңде атқаратын істері де анықтамақ.
XS
SM
MD
LG