Accessibility links

Ресей президенті Түркіменстанды энергетика саласындағы “стратегиялық әріптес” деп атады


Ресей президенті Владимир Путин Түркіменстанды энергетика саласындағы стратегиялық әріптес деп атап, басқа салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Бұл туралы Путин бүгін Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедовпен кездесуінде айтты. Сенбі күні Түркіменбаши қаласында Путин мен Бердымұхаммедов және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммит өткізеді. Басқосу барысында Түркіменстаннан Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға табиғи газ тасымалдайтын құбыр салу жоспары талқыланады.
XS
SM
MD
LG