Accessibility links

Ауғанстанда кемінде 10 соңғы террористік қастандықтың құрбаны болды


КАБУЛ: Бүгін Ауғанстан полициясы хабарлағандай, елдің шығысындағы Гардез қаласының халық лық толған базарында жанпидашыл-террорист өзін-өзі жарып, кемінде 10 адам қаза болып, 40 кісі жараланды, кейбірі хал үстінде жатыр. Құрбандардың саны өсіп келеді. Жергілікті полиция бастығының мәлімдеуінше, бұл қастандықты не Пәкістаннан, не Чешенстаннан шыққан қаскүнем іске асырды. Сенбі күні де жанпидашыл-террористің осындай қастандығынан 3 неміс жауынгері және Кундуз қаласының бірнеше бейбіт тұрғыны көз жұмған болатын.
XS
SM
MD
LG